29 қыркүйек күні №1 орта мектепте жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті. Жиналған қауымды мектеп директоры Л.Г.Бекова күн тәртібімен таныстырды. Любовь Герихановна сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды, атап айтқанда, мектеп формасын сақтау екендігін айтты. Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, мопед және электрлі велосипедпен жүруге қатысты бірнеше мәселелер қаралды. Бұл туралы учаскелік полиция қызметкері И.В.Можаев айтты. Акушер- гинеколог В.И.Ирченко ата-аналар қауымын ерте жүктілік мәселесі туралы хабардар етті. Тәрбие жұмысының бағыттары, оқушылардың сабақтан тыс уақытын орналастыру, ата-аналар қауымының қолдауы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наймушин Д.Г. сөз сөйледі. Әлеуметтік педагог Трущ А.А. оқушыларды тегін тамақтандыру және мектеп асханасының жұмысы туралы айтты. Кездесу жұмысы диалог түрінде өтті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді.