Текст
Ағымдағы оқу жылының 6 қазанында 6 «А» сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз!» тақырыбында тренинг элементтерімен сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту; әлеуметтiк құзыреттiлiк, жанжалсыз жүрiс-тұрыс дағдыларын жаттықтыру, сынып бiрлiгi және ұжымдық өзара әрекеттестiктi құру; ізгі ниетті, эмпатияны, толеранттылықты, мінез-құлықтың этикалық стандарттарын дамыту. Оқушылар барлық берілген тапсырмаларды белсенді орындады. Мұндай іс-
шаралар сыныптағы психологиялық климатқа оң әсер етеді, бұл сынып ұжымының дамуына, оның ұйымшылдығына, сонымен қатар оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Тренинг «Жеңіс құпиясы» әңгімесімен аяқталды.