«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әйел шырайына толы мейрам...

09.03.2020
Сегізінші наурыз  - нәзіктік пен жылылық, сүйіспеншілік пен сұлулық, мақтаныш мен шынайылықты паш ететін  Әйел: ана, жар, қыз, әпке, сүйікті сүйген сұлу  образына сай келетін жылдың ең мейірімді,шырайлы мейрамы.    
8 наурыз қарсаңында,  №1орта мектептің  көктемгі мерекеге сай безендірілген әсем конференц-залында Халықаралық әйелдер күіне арналған  мерекелік шара өткізілді.  Залдың іші бұл күні жылы шырай, жылы лебіз, керемет тілектерге толы болды. Сүйкімді жүргізушілер Тутычев Матвей мен  Балтабаев Мансур мектептің барлық әйел  қызметкерлерін, аналарды   көктемгі керемет мерекемен құттықтап, тамаша тілектерін жаудырды. Мектебіміздің ең кішкентай сәбилері-  шағын орталық тәрбиеленушілері мен мектеп алдындағы сынып оқушыларының салтанатқа сай құттықтаулары жүрек тебірентті, мерекелік шараны әрлендіре түсті.  
Мектеп  директоры Бекова Любовь Герихановна әр әйелдің  әлемдегі ең маңызды, ең қымбат, ең ардақты адам екенін атап өте отырып,  педагогтарға, мектеп қызметкерлеріне,   педагогикалық еңбек ардагерлеріне игі тілегін білдірді.
Педагогикалық еңбек ардагері Гопаненко Л.В. жиналғандарды әйелдер мерекесімен,  сұлулық пен мейірім күнімен құттықтады.
Заманауи  педагог ең алғашқы кезекте  әйел образымен ассоциияланады. Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу және оқыту миссиясы  адамзаттың нәзік жаратылысы – әйелдердің  қолында. Сондықтан,  8 Наурызда әйелдер қауымын марапаттау дәстүрге айналған. Мектептің бірқатар қызметкерлері және ата-аналар комитетінің төрайымы Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина мен  мектеп  директоры Л.Г. Бекованың грамоталарымен марапатталды.   
Мерекелік шараның музыкалық безендірілуі керемет болды: әзіл нөмірлер, хореографиялық қойылымдарға алмасты, әрқайсысы тартымды әрі нағыз  шедевр болды. Жоғары сынып ер балаларының хорының сүйемелдеуімен ұжымның ер азаматтары орындауындағы музыкалық сыйлық жиналғандарды тәнті етті. Мереке көрермендерге  керемет көңіл-күй, көптеген оң   эмоциялар мен көктемдей жайдарылық сыйлап, тамаша өтті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст