09.03.2020
Көктемнің алғашқы күнімен бірге 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні келіп, баршаға шат көңіл куанышты сәт сыйлады.
8 наурыз–керемет көңілге, шат шадыман шаттыққа, жылы лебізге, күн шуағына бөлейтін керемет мейрам.
5 наурыз күні 0 «А» сыныпта 8 наурызға арналған мерекелік шара өтті. Балалар бұл күнді куана әрі тағатсыздана күтті. Олар өздерінің аналарын, әжелерін, әпке-қарындастары мен мұғалімдерін тамаша мейрамман құттықтауға асықты.Сынып іші мерекеге сай безендірілді.
Қыздар мен ұлдар аналарына, әжелеріне арнап ән шырқады, би биледі, өлеңдер оқыды. Ата-аналар да белсенді қатысып, шығармашылықтарын танытты. Мереке соңында балалар жиналған асыл жандарға–аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын табыстады.
Ходаковская Е.И.