09.03.2020
Сегізінші март келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күндермен
Құттықтаймыз Сіздерді.
Күн жылынып, көктемнің иісі шыққан шақта көктемнің алғашқы керемет мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні келіп қуантады. Бұл –күннің шуағынына кенелген, әйелдердің шаттығына, жылы шырайына бөленген, шоқ-шоқ гүлдерге толы мерейлі мереке.
4 наурыз 2020 жылы 1 «Б» сыныпта көктемгі мерекеге арналған ертеңгілік өтті. Мерекелік шараға жиналған балалар аналарына, әжелеріне аранп өлеңдер оқыды, ән шырқады, би биледі. Ата-аналар да бағдарламаға белсенді қатысты. Мерекелік шара барлық қатысушыларға, олардың ана-әжелеріне көктемгі көңіл–күй, куаныш пен бақыт атмосферасын сыйлағаны сөзсіз.