09.03.2020
Далалда әлі қар ажтса да, күнтізбе бойынша көктем келіп жетті! Бұл керемет мезгілді көктемнің шырайлы мерекесімен басталады. Шағын орталық тәрбиеленушілері де бұл мейрамды асыға күтті, тәрбиешілер де мерекеге дайындалуға көп уақыт бөлді. Асыға күткен мерекелік күнге орай, балалар ана, әже туралы өлеңдер жаттап, әндерді үйренді және ашық хаттар дайындады.
6 наурыз 2020 жылы «Айналайын» шағын орталығының «Балапан» тобында Халықаралық Әйелдер күні-8 Наурызға арналған мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға балалардың аналары мен әжелері шақырылды. Балалар әндер айтып, өлеңдер оқыды. Концертке қатысушылар өздерінің мерекелік нөмірлерімен қатар, көптеген игі тілектерін айтып, өз қолдарымен жасалған ашық хаттарын сыйлады, жылылық сезімдері мен шынайы көңілдерін білдірді. Әр бала өз анасына шаттық көңіл сыйлағаны, мерекенің куаныш толы ортада өткені сөзсіз.
Тәрбиеші Смадьярова Ш.З.