09.03.2020
Ана – әлемнің жан дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.
Біздің «Айналайын» шағын-орталық топтарында 8 Наурыз мерекесін қарсы алуға дайындық жүргізілуде. Балалар сурет салды, қолөнер жасайды. Балалар аналарына сыйлықтар дайындады, табыс етті. Бұл мерекеге дайындық жұмыстары жүргізіліп, тәрбиешилер балаларға билер үйретті, әңгімелер жүргізді.
6 наурыз күні «Қарлығаш» тобында, 8 - наурыз мерекесіне арналған "Гүл сыйлайық Анаға" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты:Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ананы сүюге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйінспеншілігіне арттыру. Ертеңгілік барысында балалар өнер көрсетті. Ертеңгілік вальс биімен ашылып, бүлдіршіндер тақпақтарын, әндерін айтып, «Көктем гүлдер» биін биледі,көңілді ойындар ойнады. Балаларға Көктем мерекенің басты қонағы қонаққа келді.Мереке өте әсерлі, балалар сәнді, әдемі және көңілді болды Бүлдіршіндердің әнді нақышына келтіре орындағанына және биді әдемі билегеніне ата-аналар риза болып, алғыстарын жаудырды. Ата-аналарда өз ризашылықтарын білдіріп, тәрбиешилерге алғыс айтты. Мерекеге арналған ертеңгіліктер жоғарғы деңгейде өтті. Бұл мерекелік іс-шарада өздерінің ұлттық салт-дәстүрлеріне деген мақтаныш, сыйластық сезімдеріне тәрбиелеуге, оларды бағалауға ықпал ететін, қажетті білім алды.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз .Көктемдей құлпырыңыз.
Тәрбиеші:Жакупова А.А.