«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тәжірибесіне Lesson Study тұрғысын енгізу

10.03.2020
Ғылыми-техникалық үдеріс адуындап ілгері дамыған,  ХХI ғасырда, шығармашыл әрі дәстүрден тыс  ойлай білетін, тиімді бірегей шешімдерді қабылдай алатын креативті тұлға қалыптастыру  қажеттілігі туындап отыр.  Осындай тұлғаларды  дайындауға білім беру жүйесі көмектесуі керек.
 Курста болған кезде: Элвин Тофлердің: « 21 ғасырда оқу, жазу біллемйтін адам сауатсыз деп есептелмейді, қайта оқи алмайтын, оқудан жалықпайтын адам сауатсыз деп танылады» деген сөздерін оқыдым. Бұл сөздер біздерге, мұғалімдерге тікелей қатысты деп есептеймін. Мектепте отыз жеті жыл жұмыс жасап, мен шеберліктің шыңына жеттім деп ойлайтынмын. Білімдік бағдарламалар бойынша мектеп жаттықтырушыларының Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚБ педагогикалық шеберлік Орталығымен әзірленген «Исследования в практике учителя» мектепішілік кәсіби дамыту курсына қатысып,   әлі де көп нәрсеге үрену керектігіне көзім жетті…
Бүгінгі күні оқушылардың   шығармашыл  ойлауын  дамытуға бағытталған білім беру саласы ең бәсекеге қабілетті сала болып отыр.   Білімдік орта өмірдің түрлі сәттеріне бейімделе алатын, әлемдік  ауқымды кеңістікте бағыт-бағдар таба алатын  мобильді тұлға қалыптасуы керек.Мектеп оқушының коммуникативтік қабілеттерін, өзінің ой-пікірін растай алатын дағдыларын қалыптастыруы тиіс.  Түрлі халықаралық зерттеулердің нәтижелері Қазақстанның дамыған елдер қатарынан кешеуілдеп жатқанын байқатады, демек, оқыту әдістемесі мен  технологияларын өзгерту және баланың бойында оқуға деген қызығушылықты тудыратын  жұмыстың белсенді түрлерін көбірек пайдалану керек.  Оқыту түрлерін ғана емсе, сонымен қатар, оқытудағы тұрғыларды да өзгерту керек. 
Білім беруде болып жатқан өзгерістерге  қатысушы ең басты фигура мұғалім болуы тиіс. Мектептегі  реформалар көбінесе мұғалімнің кәсіби дайындығына және оның ішкі сеніміне байланысты.  Оқушы мұғалімді белгігі бір функцияларды атқарушы ретінде емес,  өзі білім алатын жолдағы басты көмекші ретінде тануы керек. Ол үшін кешенді оқыту түрінен қызметтестік мен өзара әрекеттесті қарастыратын  интерактивтік әдіске көшкен жөн.  Педагогикалық тәжірибені жетілдірудің басты түрлерінің бірі  Lesson Study. Бұл  тәжірибені  жақсарту және жетілдіру үшін,  сыныпты зерттеу әдісі. Lesson Study әдісі арқылы  мұғалімдер  демократиялық негізде сабақты зерттей алады, сабақты оқыту мен оның сапасына ықпал ете алады. Lesson Study негізінен мұғалімдерді оқыту және тәжирбені дамытудағы зерттеушілік тұрғы. Ол қандай да бір дағдының қаншалықты дамығанын көрсетеді. 
Бүгінгі күнгі педагогикалық әрекеттердің қаншалықты тиімділігі көптеген адамдарды толғандырады. Ал мұғалім болса, нақты проблемаларды шеше отырып, оның  оқушыларды оқытуда қаншалықты жұмыс жасайтынын дұрыс бағалауы тиіс.  Сөйтіп, кәсіби шеберлікті шыңдай отырып, мектеп оқушыларын оқытуды сараптайды, оны жақсатру жолына бағыттайды. Сараптау, салыстыру дағдылары, оқытудың  оңтайлы құралдарын таңдау әр мұғалім үшін басты басымдық болуы шарт. Көкшетау қ. курстан өте отырып, тамаша  педагог Рахымжанова Баянның көмегімен мен жаңылықты тану және оқушылармыздың сауатты әрі бесекеге қабілетті азаматтар болып өсуі үшін барлық жағдайды жасау керектігін түсіндім.
Мұғалімдердің бәрі НЗМ-де  курстан өтіп,  білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқыту үдерісіндегі Lesson Study педагогикалық тұрғысымен танысу керек деп ойлаймын.
 
 
 
Маркер Л. М., бастауыш сынып мұғалімі
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст