Текст
2023 жылдың 10 қазанында 9-сынып оқушылары үшін ББЖМ (білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі) бойынша байқау сынақтары өткізілді. Тестілеуге 57 оқушы қатысты. Оқу жетістіктерінің мониторингі функционалдық сауаттылықтың үш саласын қамтиды: Оқу сауаттылығы (қазақ, ағылшын, орыс) – әр тілге 10 тест сұрағы; Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану сауаттылығы (биология, география, физика, химия) – әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы. Бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмалары ұсынылды. Тестті орындау уақыты
150 минут (2 сағат 30 минут). Ең көп ұпай саны – 75.