12.03.2020
Баскетбол (ағылшынша basket — себет, ball — доп) – мағынасын білдіретін, мақсаты —белгіленген уақыт ішінде қарсыластардың себетіне барынша көп доп лақтыру болатын олимпиадалық спорт түрі, доппен ойнайтын спорттық командалық ойын. Әр команда 5 алаң ойыншыларынан құралады.
2020 жылдың 12 наурызы күні «Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММде баскетбол бойынша «Жастар» ХХIII аудандық спартакиадасы аясында Атбасар ауданы жалпыбілім беретін мектептерінің оқушылары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған аудандық жарыстар өткізілді. Жарыстардың мақсаты- денсаулықты нығайту және физикалық саулықты дамытудың басты құралы ретінде денетәрбиесі мен спортты насихаттау; салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу; патриотизм сезіміне тәрбиелеу; мықты командаларды анықтау. №1ОМ командасы құрамына келесі оқушылар енді: Пигаль Татьяна 9 «А» сынып, Обендорфер Ольга 9 «А» сынып, Кийко Алина 9 «А» сынып, Юсупова Зарина 7 «Б» сынып, Пигаль Ангелина 7«Б» сынып, Коваленко Алина 6 «А» сынып, Симонова Анастасия 8 «В» сынып . Мықты бәсекелестікте біздің команда өз тобында 4 орын алды. Біздің спортшыларымызға келешек жеңістер тілейміз!