«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім мазмұнын жаңарту тұрғысынан мектеп оқушыларын оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері»

12.03.2020
Наурыздың  он екісі күні  Сергеевка ауылында аудандық семинар өтті. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны дамытуға көптеп күш жұмсалуда. Әдіс - тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу, жеке тұлғаның қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау және инновациялық технологияларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүзеге асыруға бағытталған. «Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» дейді. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолданып, нәтижелі тәрбие мен білім беру, білім сапасын арттырады.  Сергеевка  шағын -орталығы оқу жылынан бастап  мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарты мен үлгілік бағдарламасына сай барлық білім саласында қолдану мүмкіндігін ашып, түрлендірудің теориясы мен әдістемесін дайындау, тұжырымдамасын негіздеу мақсатына ден қойған. Сергеевка ауылында   шағын-орталық,  даярлық тобында  ашық сабақтартар  өткізілді. Даярлық тобының тәрбиешісі  Акаловская Екатерина  Александровна   сурет сабағында  «Ждут нас быстрые  ракеты (сюжетное)»  тақырыбында ашық сабақ көрсетті.Балалар белсене қатысып, тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында  зымыранның суретін сызып,бояп  сабақты қортындылады. Ал шағын –орталыық  тәрбиешісі Бағдат  Алия өз тобында « Сиқырлы математика еліне саяхат»  тақырыбы бойынша  ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында  сиқырлы  математика еліне жету үшін  әр  аялдама арқылы  тапсырмаларды орындады. Балалар тапсырмалардың барлығын мұқият орындап,  өз елдеріне оралды. Сабақ соңында  балалар асық ату ойынын ойнап ,асықта жазылған сандарды атап көрсетті. Шағын орталық тәрбиешілері асық арқылы санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала танымына қоршаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жеткізуге тырысады. Асық ату ойыны арқылы  балалардың мергендігін дамытуға, асықпен ойнайтын сан алуан ойындар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Бүгінші  аудандық  семинар  жақсы деңгейде өтіп, тәрбиешілер алға қойған мақсатына жетті.
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст