Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінде салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна педагогтар мен оқушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, осы күннің әрбір қазақстандықтың өміріндегі тарихи маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жеңімпаздарын Құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапаттады. Жиында патриоттық әндерді тамаша орындаған оқушыларымыздың алуан түрлі нөмірлері де жиналғандарға шабыт сыйлап,мерекелік сән-салтанат орнатты. Жиынның екінші бөлігі оқушыларды Жас Ұлан балалар жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдауға арналды. Директор, мектеп әкімшілігі, Ұланбасы және мектеп өзін-өзі басқару Президенті салтанатты түрде галстуктар байлап, төсбелгілерді тақты. Осыдан кейін көшбасшылар ант беріп, мемлекеттік тілде Жас Ұлан Әнұранын орындады. Бұл іс-шара білім алушылардың патриоттық санасын дамытуға бағытталған және кешенді жоспарды іске асыруды, атап айтқанда "ұлттық мүдде" құндылығын қамтиды, бұл өз кезегінде қазақстандық имиджді қалыптастыруға белсенді ықпал етеді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Г. Наймушин