Текст
Ағымдағы оқу жылының 26 қазаны күні "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ – де 8-11 сынып оқушылары арасында "Репродуктивті денсаулық"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: жасөспірімдер бойында репродуктивті денсаулық, олардың мінез-құлқы мен алдын алу шаралары үшін жеке жауапкершілік туралы қажетті білімді қалыптастыру. Мектептің педагог-психологы Г. Е. Дауренбекова, мектептің медицина қызметкері Н.А. Дьяченко репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар, ерте жүктіліктің салдары туралы айтты, сонымен қатар оқушылармен қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстармен бөлісті.