18.03.2020
«№1 орта мектеп» КММде оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ерекше назар аударылады, ең қызықтысы, № 1 ОМ білім алушылары ортасында Бук кроссинг жобасы ерекше қолдау тауып, қызушылық тудыруда.
Бук кроссинг деген не? Бук кроссинг — бұл кітап алмасудағы әлемдік ауқымды жоба. Адамдар басқаларға өздері үшін жаңа кітапты ашу, оның авторымен танысу мүмкіндігін беру үшін кітаптарды қоғамдық орындарға қалдырады.
Біздің мектепте оқушылардың кітап алмасуына арналған стеллаждар, сөрелер бар. Оқушылар кітап сөрелерін: ертегілер, Ұлы Отан соғысы туралы шығармалар, орыс және шетел классикасы, фантастикасы мен поэзиялары тәрізді түрлі көркем әдебиеттермен қызыға толықтырады. Мектеп ішіндегі кітап алмасу үдемелеп, балалар арасында танымал бола түсуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Кітап-білім бұлағы» жобасы шеңберіндегі шараларды өткізу аясында бұндай қозғалыс ерекше өзекті болуда.