19.03.2020
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму нәтижесінде қашықтан оқыту танымал болып отыр. Зерттеушілер оқытудың бұл түрін тиімді деп тануда. Қашықтан алынған білім барынша берік. Оның дәлелі -қашықтан оқыту форматындағы орыс тілі сабақтары
№1ОМ 7 ші сыныбында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша: "ГМО- продукты" тақырыбындағы сабақ өтті. сабақтың негізгі мақсаты – мәтінмен жұмыс жасай білу, негізгі ойды табу, түрлі көздерден ақпараттар алу және оларды салыстыра білу.
Оқушылар мұғалімнен алған тапсырмаларды орындай отырып, басқа біреудің пікірінен, дайын үлгі бойынша жұмыс жасаудан оқшауланды. Материалдарды үйрену үдерісінде оқушлар өзіндік жұмыс жасау, Интернеттен ақпараттар іздестіру және оларды сараптау тәжірибесін алды. Оқушылардың тапсырмаларды орындауда тәртіп танытып, жауапкершілікпен қарағандарын және тапсырмаларды белгіленген уақытта жеке топқа жібергендерін атап айту керек. Тексеріс сабаққа қатысушылардың бәрінұсқаулықты мұқият тыңдағанын, тапсырмаларды дұрыс орындағанын көрсетті. Оқушылардың ұсынылған мәтіндегі азық–түлік ГМҚ сипаттарын өздігінен анықтай алатыны және де өнімдерді таңдау бойынша нұсқаулық құрудағы сан қырлы шығармашылық қабілеттері қуантады.
Алдын алушылық кезеңде интернет – ресурстар арқылы ақпараттар беру жұмыстарын жетілдіру оқытуды жалғастыруды және оқушылардың өзіндік білім алуын енгізу қызметтерінің сапасын барынша жақсартуды мүмкін етті.
Токтарова Г.К., орыс тілі мұғалімі