Текст
2020 жылдың 18 наурызы күні түзету сыныбында алғашқы онлайн-сабақ өтті. Мұғалім Балгожина Э.Ш. бұл сабақтарда «Алматыкітап» баспасының OPIQ электрондық оқулықтарын пайдаланды. Оқушылар математикадан проценттер, бөлшектер, дөңгелектер туралы материалдарды қайталады, жалпылады, сонымен қатар бөлшекті теңдеулерді шешті, қандай бөлшектердің дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас бөлшек деп аталатынын естеріне түсірді. Жұмыс дәптерінде тапсырмалар орындады, кері байланыс арқылы мұғалім оларды тексерді. Сосын онлайн-сабақтарға қатысушылар өз жұмыстарын тексеріп, бағалады.