20.03.2020
Қашықтан білім алу туралы сөз болғанда, көптеген адамдар оған екі ойлы қарайды. Олар қашықтан оқытудың дәстүрлі оқытуға қарағанда, тиімділігі мен келешегіне сенімсіздік танытады. Дегенмен, онлайн-білім алу жылдан жылға барынша қажет бола түсуде. Онлайын білім беруді барынша интерактивті және тиімді ететін бірнеше әдіс-тәслдер бар. Атап айтқанда, білімді мейлінше табысты меңгеру мүмкіндігінен тұратын вебинарлар. Чат оқушыларға шынайы уақыт режиміндегі “ экранды көрсету” функциясы арқасында мұғалім көрсететін графиктерді, кестелерді және бағдарламалармен жұмыстарды көрнекі үйрену мүмкіндігін береді.
Сөйтіп, 5 «В» сыныпта орыс тілінен: «Дома отдыхать лучше» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту форматындағы сабақ өтті. Сабақ алдында оқушылар мұғалімнің ұсыныстарын мұқият тыңдады, мөлшерленген теориялық материалдар мен тәжірибелік жұмыстар бойынша түсіндірмелерді алды . сабақтың мақсатына қол жеткізе отырып оқушылар тапсырмаларды кезеңдеп орындады, өз жұмыстарын ұсынылған критерийлер бойынша бағалады. Түрлі ресурстарды пайдалана отырып жасалған өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту оқушыларға оқу материалдарын жеткілікті жақсы деңгейде игеру мүмкіндігін берді. Демек, қашықтағы форматта оқытудың білімді игеруге ықпал ететін бір қатар оң тұстары бар.
Щербак А.Н., орыс тілі және әдебиет мұғалімі