20.03.2020
Өзіндік дамуға, қызметтестікке, шығармашылық қызмет үдерісінде үздіксіз білім алуға қызығушылық танытушы әрі дайын талантты оқушыларды дұрыс ұйымдастырылмаған ұзақ бос уақыт қызметі жалықтырып жібереді. Зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктер қажетсіз болған уақытта дарынды оқушының танымдық мотивациясы, ақыл-ойы мен шығармашылық даму қарқыны төмендейді. Сондықтан, №1ОМнің 6 "А" сыныбында Атбасар қаласының 175 жылдық мерейтойына арналған: "Мой родной город!" атты қашықтағы конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс әлі жалғасуда, бірақ, басылып шығарылып, Интернет арқылы жолданған алғашқы жұмыстар шығармашыл талантты оқушылардың сан алуан сипатын көрсетіп-ақ тұр. Түрлі жанрлар, сан алуан поэтикалық нысандар, иллюстрацияларды таңдау, ата-аналардың ат салысуы: шығармашылық – қай уақытта болмасын қызықты қызмет, ал туған қаласына сүйіспеншілік - бұл ең нәзік сезім деген қорытынды жасатып отыр. Қашықтағы конкурс тапсырмаларды орындау уақыты мен мектептен тыс жерде орындалғанына қарамастан, өз жұмыстары мен қызықты істерінен ләззат алатын, қабілеттерін жүзеге асыратын және өздерінің поэтикалық дебюттерін мақтан тұтатын дарынды оқушылардың мүмкіндіктерін кеңінен ашады, шексіз қуаныш сыйлап, мол қызығушылық туғызады.
Токтарова Г.К., орыс тілі мен әдебиеті мұғалім