20.03.2020
Қашықтан оқыту - уақыт әмірі. Бүгінгін күні әлемнің 370 млн. оқушысы онлайн – оқытуға көшті ( ЮНЕСКО деректері).
№1ОМ педагогтарының жоспарларына сйкес, оқушылармен сабақтар ұйымдастырылды. Мұғалімдер онлайн режимінде қашықтан белсенді жұмыс жасауға кірісіп кетті. Қашықтан оқыту жұмыстары түрлі электрондық оқулықтар және интернет-ресурстар арқылы іске асырылады. Оның ішінде: Кundelik.kz, WhatsApp,Bilimland бар. Қазір мұғалімдер оқыту үшін Zoom платформасын меңгеруде. Оқушылардың қандай жағдайда болмасын білім алуы, ал мұғалімдердің жауапты, әрі маңызды жұмысы – оқытуды жалғастыру . Қазақстандағы онлайн-оқытудың тиесілі платформалары бар, олардың көмегімен мектеп оқушылары мемлекеттік бағдарламаға сәйкес оқуларын жалғастырады. Бірақ, осның бәрі педагогтардың, ата-аналар мен оқушылардың сенімділігі және мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асырылатын игілікті іс.