Текст
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында "Кәсіби даму мектебі" жобасы аясында мектептің педагог-психологы Г. Е. Дауренбекова аудандық іс-шараға қатысушыларымен "Мұғалімдердің эмоционалды күйзелісі", "Біз біргеміз!", "Бұл әлем қандай керемет!» тақырыбында тренинг жұмыстарын өткізді. Бұл жоба білім беру ұйымдарында аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты (асоциалды, тәуелділік, деструктивті) мінез-құлықтың алдын алу мақсатында педагог – психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен өзара әрекеттестіктің белсенді түрін енгізуге және ұйымдастыруға арналған.