Текст
28 қарашада "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі" тақырыбында психологиялық-педагогикалық консилиум өткізілді. Консилиумның мақсаты: 1-сынып оқушыларының бейімделу жағдайы мен деңгейін анықтау. Аталған консилиумда директордың оқу жөніндегі орынбасары Э. Ш. Балгожина, 1-сыныптардың сынып жетекшілері М. П. Рыбинская, С. Н. Писклова, И. Р. Чернова, педагог-психолог Г. Е. Дауренбекова, әлеуметтік педагог А. А. Трущ, логопед М. Г. Савалюк сөз сөйледі. Мұғалімдерге оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін арттыру және оқу процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілді.