28 қараша күні пән апталығы аясында Атбасар қаласының №1 орта мектепте география апталығының салтанатты ашылуы өтті. Географияның ең маңызды міндеті – адам мен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттеу, сонымен қатар географиялық процестер мен құбылыстарды
зерттеу. Салтанатты ашылу мектеп директоры Любовь Герихановна Бекованың құттықтау сөзімен басталды. Мектеп директоры Бекова Л.Г. географияның адам өміріндегі маңызы мен рөлін атап өтті, сонымен қатар оқушыларды әдістемелік апталықтың түрлі іс шараларына белсене қатысуға үндеді. География пәнінің мұғалімі Зинченко К.А. мектеп оқушыларымен бірге мектеп фойесінде шығармашылық көрме дайындады. География апталығының барлық қатысушыларына апталықтың жемісті, шығармашылық жеңістерге толы болып өтуіне тілектеспіз.
Зинченко Қ.А., география пәні мұғалімі