25.03.2020
Кәсіби шеберлік, қызығушылық, зерттеушілік қызмет арқылы сабақтың тиімділігін арттыру үшін мен және менің әріптестерім мұғалімнің тәжірибесіндегі зерттеу тұрғысы бойынша қашықтан оқытуды жалғастырудамыз. Бүгін топ бірлесіп Lesson Study жоспарлау арқылы оқытуға кірісті. Сабақ алдында мұғалімдер «Вместе мы сила» мультфильмін қарады, бұл ұжымдық қауымдастықтағы байланысты нығайтуға, бірлескен қызметтестік пен ортақ шешімдер қабылдауға ықпал етті. Зерттеу сұрақтарын анықтау үшін топтың әр мүшесі зерттеу проблемасы болып табылатын мәселелерді топтың барлық мүшелерінің басын қосқан ортақ мәселе сөйлеу мәдениеті болды. Сабақтың кезеңдерінен тұратын материалдар ұсынылды, әріптестер қашықтан пікір алмасты, талқылай отырып, сабақты құрастыруды жақсарту бойынша ұсыныстармен алмасты. Топтағы рөлдерді бөлу нашар оқушылардың білімін бақылауға ықпал етті. Сұхбаттарды талқылай отырып топ Пита Дадлидің «басшылығында» берілген мысалы, «сен бұрын жасамағандардың ішінен нені қазір жасай аласың?» «нені сен үздік жасай аласың?» сұрақтарды пайдалану керек деген тұжырым жасады. Бұл топ сабақты зерттеуге оқытуды ұйымдастыра отырып, мұғалімнің тәжірибесіндегі зерттеу дағдыларын жалғастыруды жоспарлап, өз қателіктерін түзетуге қорықпауға және келесі кезде, сабақты әр өткізген сайын тәжірибені жақсарта отырып, қандай жағдайларға назар аудару керектігін межелеп отыр.
А.Нурманова