«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үй жағдайындағы денетәрбиесі сабақтары бойынша ұсыныстар

26.03.2020
Отырықты өмір салты, физикалық белсенділік деңгейінің  төмен болуы денсаулық пен өмір сапасына  негативті әсер етеді.  Карантин  режимінде отыру да қосымша стресс  әкеліп, оқушының денсаулығына қауіп төндіруі  мүмкін. Десек те, денетәрбиесі мен жайлану   техникасы сабыр сақтауға және денсаулықты қорғауға көмектеседі. Карантин  жағдайында  спортпен шұғылдану  кезінде  белгілі ережелерді сақтау керек, денетәрбиесі жаттығуларының  интенсивтілігін,  жүктемелерді төмендету қажет.   Спортпен шұғылдану  және сабақтар  өткізуге арналған   лайықты орынды  таңдау керек. Егер сабақ үйде өткен жағдайда, балалар мен ата-аналарға ауа айналымы жақсы жерді белгілеу керек, ауаның тазалығын сақтау үшін оны үнемі желдетіп отырған жөн. Аэробты  жаттығулар: таңертеңгі  және сауықтыру  гимнастикасы, интенсивтілігі аса жоғары  емес  аэробика  аса пайдалы. Денешынықтыру жаттығулары кешенін ұсынатын  онлайн ресурстарды пайдалану керек. Олардың көбі  YouTub желісінде  тегін қолжетімді. Өзідігіңізбен жаттығу жасай отырып, абай болыңыздар, өз денсаулығыңызға қатысты шектеулерді ескеріңіздер. Жүріңіздер. Шағын үй-жайдың ішінде айнала жүрудің өзі,  немесе бір орындағы  марш сізге белсенділік береді. Жайлану. Медитация, тыныс алу жаттығулары ( терең дем алу және шығару) сабыр сақтауға көмектеседі. Денсаулықты тиімді сақтау,  денсаулық сақтау шараларын оңтайландыру,  дұрыс тамақтану, суды жеткілікті мөлшерде қабылдау  осының бәрі сіздің қолыңызда. Денешынықтыру жаттығуларын жасаңыз, дене тәрбиесі мен спорт – денсаулық негізі!
 
Денетәрбиесі мұғалімі Шпиц-Берг М.Ф
 
 
 
 
 
Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст