«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту – білім берудің репродуктивтік оқыту әдісінен креативтік әдісіне көшу

26.03.2020
Қашықтықтан оқыту-оқу үдерісіне қатысты барлық жиынтықтарды  (мақсат, мазмұн, әдістер, ұйымдастыру нысандары, оқыту құралдарын) көрсететін  мұғалім мен оқушы арасындағы  қашықтағы  қатынас...
В.М. Монахов қашықтан оқыту – заманауи компьютерлік  технологияларға негізделген,  оқыту үдерісінде пайдаланылатын  дәстүрлі және   заманауи  озық әдістер деген екен. 
Қашықтан оқытудың мақсаттарын  келесі түрде  қалыптастыруға болады : 
1.Оқу үдерісіне жаңашыл білімдік технологияларды енгізу; 
2.Білім алушылардың мұғалімдермен бағытталатын өзіндік ізнушілік  жұмыстарын ынталандыру. 
3. Білім берудің  репродуктивтік оқыту әдісінен  креативтік әдісіне  біртіндеп көшу
Қашықтықтан оқытудың басымдығы:
1 Оқыту кестесінің икемділігі  мен  өзінінің оқудағы   қарқынын таңдау  мүмкндігі.
Дәстүрлі оқытуда  оқыту уақыты шектелген  оқушы сол уақыт ішінде үлгеріуі жән белгіленген пәндерді тапсыруы тиіс. Оқу  материалдары, тестер мен тапсырмалар оқушыға кез кеген сәтте қолжетімді. Оның оқу уақыты мен  материалдар көлемін  өз еркінен таңдау мүмкіндігі бар және де пәндерді екі-үш күн ішіндегі  үдемелі сабақтар арқылы оқып, тапсыра алады. 
2 Вариативті  ұзақтылық.
Әр оқушы ақпарат пен білімді өзінде алуға үйренген. Біреуіне ұзақ оқып, «жаттап» алу керек  болса, енді біреуіне материалды түсіну үшін  көз жүгіртіп  өту жеткілікті, ал үшіншісі жеке әдістен  жалпыға көшсе, төртіншісі  керісінше, алдымен  теорияны оқып, кейін есептерді шешуді таңдайды. Қашықтықтан оқытудағы   мүмкіндіктер  мен технологиялар спектрінің арқасында  қандай да бір пәнді  оқу тәсілін өздігінен  таңдау мүмкіндігі пайда болады. Мүмкін, біреуінің  ең алдымен  бейне-материалдармен танысып, кейін  теорияны оқып, тәжірибеде теспен бекіткісі келер, ал басқа біреуі керісінше,  қажетті білім көлемін саралау үшін, осы теориялық   материалдар негізіндегі  жаттығу  тестерінен бастап, содан кейін тапсырмадар мен бейне материалдарды қарағысы келер. Таңдау еркіндігі қашықтан оқу стиліне   тән.
3 уақытты ысырап ету жоқ.
4 сабақты кез келген уақытта өзіңе ыңғайлы жерде  өткізу мүмкіндігі.
Оқушы қашықтықтан білім алу үшін аумақтық орынмен  шектелмеген. Бір шектеу бар – ақпаратты алу ортасына  қол жетімділік мүмкіндігі. Электрондық  курстар мен   тестер Интернет-технологиялар базасында,  Интернетке қолжетімділік бар болғанджа кез келген жерде қарауға болады.
Қашықтықтан оқыту түрлері:
1 Он-лайн – оқыту мұғалім мен оқушы скайп  арқылы тікелей тығыз байланыста  болады.
• Он-лайн  оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Артықшылығы 
Мұғалім  диалог арқылы  оқушының сұрақтарына жауап береді.
Мұғалімнің  оқушыдан ауызша жауап алу мүмкіндігі болады.
Кемшілігі 
Уақыт пен орынға тәуелділік.
2 Он-лайн – бала   мұғалім ұсынған  материалдарды  белгіленген ресурстарда  өздігінен үйренеді, сосын  мұғалім оқушы  орындалған тапсырмаларды тексереді.
Артықшылығы 
• оқушы мен мұғалім үшін тапсырмаларды тексеру кестесінің икемділігі.
• орынға тәуелсіз, яғни, интернетке  қосылу мүмкіндігі бар кез келген  жерден  шығу .
• Оқушыға арналған вариативтілік, яғни, қандай деңгей керектігін оқушы өздігінен таңдауға құқылы. Мысалы  базалық немесе тереңдетілген, не болмаса  бейіндік.
Кемшіліктері 
• мұғаліммен, құрдастарымен  жанды қарым-қатынас жоқ.
• қатаң өзіндік бақылау қажеттілігі.
Қазіргі уақытта  интернет  арқылы оқу келесі себептерге қарай қажетті болып отыр:
• оқу  мекемесінде  білім алуға ниет;
• қосымша білім алу;
 Bilimal ақпараттық- білімдік порталы осы мүмкіндіктерді ұсынып отыр,  ол арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін, қажеттіліктерін ескере отырып түрлі тапсырмалар курстарын, тестерді ұсынуға болады, сонымен қатар, BilimLand  бағдарламасы шығармашыл ізденіс пен өзіндік жұмыстар үшін кең мүмкіндіко. 
Қашықтағы сабақтар оқушының жұмысын ұйымдастыруға көмектесетіндіктен, Мұғалім ретінде мен қашықтатықтан оқыту түріне оң көзбен қараймын. Оқушы жеке тапсырмалар орындайды, сабақтың материалдарына бірнеше рет оралады, бірдеңені түсінбесе, сұрақтар қояды.  Қашықтағы сабақтарды әзірлеу кезінде материалдардың бір бөлігі  «бұл қызықты» және  «қосымша  материал»  айдарларынан  болуы шарт. Және де оқушы осы  материалды үйрене ме жоқ па өзі таңдайды. Сөйтіп,  параграф мөлшерін өзіндік реттеу праоблемасы  шешіледі. Рубрикаларда  мәтіндік құжаттар ғана емес,  суреттер, иллюстрациялар, фотоматериалдар, бейнеролики, сондай-ақ  интерактивтік тапсырмалар болады.тағы бір маңызды сәт-компьютер алдында ұзақ отыру жүйке жүйесіне күш түсіреді,  ұйқыны  бұзады, баланың жалпы  жағдайын нашарлатады, көздерін талдыруға әкеп соқтырады. Сондықтан, қашықтықтан оқыту сабақтарын әзірлеу барысында  медициналық ұсыныстарды ескеру қажет.
 
Каримова Куралай Ергазиевна,  химия мұғалімі.

 

 

 

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст