2023 жылдың 4 желтоқсанында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Айналамыздағы математика, информатика және физика» пән апталығының ашылуы өтті. Балалар бұл пәндердің әр адамның өміріндегі маңыздылығын еске алды. Математика адамды
ойландырады, физика адамзатқа табиғат заңдылықтарын ұғындырады, ал информатика ғылым мен техниканың қуатты қозғалтқышы. Оқушылар үшін викторина, басқатырғыштар және осы маңызды ғылымдар туралы көптеген қызықты мәліметтер дайындалды. Пәндік апталықтың міндеттері: оқушылардың математикалық даму деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту; оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын дамыту; ойлау дербестігін, ерік-жігерін, мақсатқа жетудегі табандылығын, ұжым алдындағы өз жұмысына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Мартин С.В. математика мұғалімі