«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту сапалы білім беруді қамтамасыз ету құралы ретінде

30.03.2020
Білім беру мазмұны мен сапасы, оның қолжетімділігі, нақты тұлғаның қажеттілігіне сәйкестігі  заманауи қоғамның белгілі бір деңгейдегі зияткерлік әлеуетін анықтайды. Оқыту үдерісін, оның әдістері мен тәсілдерін, құралдары мен ұйымдастырушылық  түрлерін оқушының жеке ерекшеліктері  мен қажеттіліктеріне  бағыттау, ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдалануға әдістемелік  негізделген негізгі: сабақты  электрондық білімдік  ресурстарды пайдалана отырып құрудан  бастап  қашықтан оқытуға дейінгі   оқытудың инновациялық  технологияларын пайдалануда барынша белсенді әрі тиімді пайдалануды көздейді. 
Білім беруде қашықтық  технологияларды пайдалану білім алу тәсілдерінің   вариативтілік  мүмкіндігін арттырады, оқушы мен педагог ара-қатынасын жаңаша құруға және  мектеп оқушыларының  өзіндік танымдық қызметтерін  дамытуға ықпал етеді.
Заманауи компьютерлердің   мультимедиялық  мүмкіндіктерін және Интернетті пайдалану оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырады, ал Интернет арқылы шынайы уақыт аясында мұғаліммен болатын тімді кері байланыс оқушыға да, мұғалімге де тікелей  диалог орнату, түзету және бағыттау мүмкіндіктерін қоса ұсынады.
9 «Б» сынып оқушылары  Bilimland білімдік платформасына  белсенді кіріп отырады, бейне – сабақтарды қарайды, көптеген пайдалы және қызықты ақпараттарды алады, алған білімдерін  itest.kz. сайтына кіру арқылы тестер тапсырып, тексереді. Zoom  бейнеконференциялар бағдарламасы арқылы оқушылар мұғалімге сұрақтарын қояды, алған ақпараттармен алмасады.
Сөйтіп, мектеп оқушыларын қашықтан  оқыту білім беру сапасын қамтамасыз ететін құрал деп сенімді  тұжырым жасауға болады. 
 
Математика мұғалімі  Мартин Светлана Владимировна
 
 
 
 
 
Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст