Отбасы – сүйіспеншілік пен құрметтің, адам онсыз өмір сүре алмайтын барлық нәрсенің сарқылмас көзі. Бұл – іргесі берік шаңырақ, бұл – балалар мен немерелер, бұл – қолдау, тірек. Отбасы – адамның ең қымбат құндылығы. Біз өз күшімізді отбасындағы жақын адамдармен қарым-қатынаста аламыз, қанаттанамыз. Отбасында лайықты тұлға тәрбиелеу үшін бала кезінен отбасы құндылықтарына деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу керек. Балаға отбасының маңыздылығын көрсетудің бір жақсы жолы - отбасы туралы әңгіме өткізу маңызды. 4 «А» сыныбында аталған тақырыпта әңгіме өрбіді, балалар отбасы, салт-дәстүрі, қарым-қатынасы туралы қуана әңгімеледі. Отбасының нышаны болған ромашка гүлінің жапырақшаларына берік отбасын сипаттайтын қасиеттерді жазды. Жақындары туралы әңгімені жылылық пен сүйіспеншілікке толы әңгімелерді тыңдау қызықты болды.
Маркер Л. M – бастауыш сынып мұғалімі.