01.04.2020
Бүгін 3 «Б» сыныпта қашықтықтан оқыту форматындағы сабақ өткізілді. Қашықтан оқыту - оқыту үдерісін оқушының өзіндік оқуына бағыттап, жаңа ұйымдастыру. Оқыту ортасы мұғалімнен кеңістікте алшақ орналасқанына қарамай, кез келген телекоммуникация құралдары арқылы мұғаліммен қашықтан байланыста болу, диалог орнату. Қашықтағы сабақтар – тылсым, белгісіз, танылмаған сыры көп жаңашылдығы мен жаңалығы мол көптеген қызықзы ақпараттардан тұрады. Қашықтан білім алу саласының зерттеу алаңы ауқымды, оны тәжірибеден бастаған жөн.
Өткізілген алғашқы сабақтар бұның оқушыларға қызық екенін көрсетті. Олар конференцияларға қызыға қатысты. Жаңа форматқа көшу кезінде біз шамалы қиындықтарға кезіктік. Десек те, қашықтан оқыту тәсілін қолдану оқытудың келешек жаңа бағыттын ашып отырғандықтан, оның бәрін шешуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімі Маркелова В.А.