01.04.2020
Коронавирус инфекциясының таралуымен күрес кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту жағдайында, мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанда қашықтан оқу форматына көшеді деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін мен өзімнің 4 «А» сыныбыммен 2 ші онлайн сабақ өткіздім. Ең алдымен балалардың бәрі сабаққа қатыса алатындығын: қандай мүмкіндіктері, жабдықтары бар, үйлерінде интернетке шығу жағдайы барын анықтадым. Оқушыларға жаңа материалды түсіндірдім, оның барысында ақпаратты берудің қолжетімді форматын — бейнеконференция қызметін пайдаландым, WhatsApp байланыс қызметі арқылы оқыту бейнелерін, өзіндік оқуға арналған әдебиеттерді жібердім.
Маркер Любовь Михайловна,бастауыш сынып мұғалімі