01.04.2020
1 сәуір күні 1 «А» сыныпта математика және сауат ашу пәндері бойынша «Zoom» платформасындағы қашықтағы байқау сабақтар өткізілді.
Сабақтар сағат 9.00 басталды, әр сабақтың ұзақтығы 10 минуттан, бұл бастауыш сынып оқушыларына арналған ұсыныс. Қатысқан оқушылар саны 29 оқушының ішінен 16 бала қатысты, бұл ата-анасының жұмыс бастылығына байланысты. Оқушылардың қашықтан оқуға деген көңіл-күйлері мен психологиялық дайындықтары позитивті. Оқушылар мұғаліммен кездесікендеріне қуанышты болды. Сабақ барысында орын алған сұрақтар болды, оған жауап алды. Оқушылар қашықтықтан оқытудың оқу материалын өздігінен оқу, меңгеру және оқу бағдарламасынан қалмау, ұжымнан оқшау болмау мүмкіндігін беретіндігін түсінді. Балалардың бәрінің алдағы жұмысқа түсіністікпен қарап, қызыға күтіп отырғаны қуантады. Ата-аналардың, педагогтар мен оқушылардың тығыз байланыста атқарған жұмыстары оң нәтиже беретінен сенімдімін.
Баршамызға шығармашылық қызмет, шыдамдылық, жоғары көрсеткіш, ең бастысы –денсаулық тілеймін.
Писклова С.Н.