01.04.2020
1 сәуір күні 0 "А" сыныпта "Zoom" бағдарламасы бойынша он-лайн режимдегі сабақ өткізілді.
Бұл сабақтың мақсаты оқушылар мен ата-аналарды қашықтан оқыту режиміне дайындау болды,барлық қатысушылар бұл жүйенің қалай жұмыс жасайтынын көрі, тестілеу және туындаған сұрақтарды анықтау үшін түсіндірме алу мүмкіндіктері болды.
Қашықтан оқыту - оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де жаңа құбылыс . Бұл мемлекетімізде орын алып отырған жағдайға қарай, халық игілігіне жасалып отырған мәжбүрлі шара.
Барлық адамдар қолданылып отырған қауіпсіздік мақсматындағы шараларға түсіністікпен қарап, аталған жүйеге қызығушылық танытып, оқытудың аталған форматымен қызыға танысуда.
Ходаковская Е.И, мектепалдындағы сынып тәрбиешісі