01.04.2020
1 сәуір 2020 жылы 7 «В» сыныпта қашықтан оқыту бойынша сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Discussing healthy habits and healthy living and learning about the food pyramid». Сабақтың мақсаты: сабақтың жаңа фразалары мен сөздерді, сөйлемдердегі модальді етістіктерді пайдалануды үйрену, сонымен қатар, салауатты өмір салты бойынша ақпаратты жалпылау болды. Сабақ психологиялық музыкалық минуттен және оқушыларды қызықты жұмысқа қызықтырудан басталды. Жаңа фразалар, слайд демонстрациясы түрінде ұсынылды, оқушылар монитор экранынан арқылы оларды оқып, дыбыстары . Мысалы : doaphysicalactivity – физикалық , қызметпен айналысу, eattoomuchjunkfood – көптеген зиянды тағамдар бар т.с.с . Аудармасында тиісті дегенді білдіретін should модальді етістіктігін қолдана отырып оқушылар слайд арқылы көрсетілген жаттығуларды орындады. Сабақ рефлексиясы ретінде екі: сау және сырқат жүректің жүректіңсуреттері көрсетілді. Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар бір ауыздан «Алтын жүрек »сөзін , «Healthyheart» таңдады, берген жауаптарын коментарийледі. Бұдан кейін оқушылар салауатты тамақтану қандай азық-түліктен құралатындығын анықтады. Олар салауатты азық-түлік өнімдерінің санаттар бойынша кестесін әр өнім мен санатты атай отырып ауызша толтырды. Қашықтағы сабақтың соңында мен оқушылардың сабақты түсіну деңгейін білу үшін оқушылардың білімдерін тексердім. Слайд презентациясында оқушыларға сабақта үйренген жаңа фразаларды толықтыру қажет болды. Ағылшын тіліндегі фразаларды үйрену бойынша ойынды аяқтауда Синквейн әдісі қолданылды, әрқайсымыз үшін «Денсулық» сөзінің қаншалықты маңызды екені анықталды. Үй тапсырмасы комментийленді, оқулықтан көрнекі түрде көрсетілді,сонымен қатар, оқушыларға орындалған тапсырмаларын мұғалімге қалай жіберу керектігі түсіндірілді.
Ағылшын тілі мұғалімі Нурманова Алия Нурлановна