Жаңа жыл сиқырлы мерекесі қарсаңында, 28 желтоқсанда Атбасар қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің әдемі акт залында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезенінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Атбасар ауданының 48 оқушысы жүлдегер атанды. Оның ішінде №1 жалпы білім беретін мектептің 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, олар: Асаева Марем 11 сынып оқушысы – қазақ тілі бойынша 1 орын; Алиева Мальвина 9 сынып оқушысы-қазақ тілі бойынша 3 орын; Стригун Сергей 11 сынып оқушысы-орыс тілі бойынша 3 орын; Турашева Мариам 9 сынып оқушысы-орыс тілі бойынша 3 орын тіл. Барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен, сондай-ақ естелік сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, оқуда сәттілік және көптеген жаңа жеңістер тілейміз!