«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтан оқыту жағдайындағы алғашқы ата-аналар жиналысы

02.04.2020
2020 жылдың 2 сәуірі күні   №1ОМ  5-7 сынып оқушыларының ата-аналарымен:  «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылатын болады?» деген тақырыпта  қашықтағы бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.  сынып жетекшілері Zoom веб-платформасы арқылы ата-аналармен  диалог алаңқайын ұйымдастырды, келесі тақырыптарды талқылады : 
1. Біздің мектепте қашықтан оқытуды ұйымдастыру;
2. Короновирус  қаупі туралы
3. Карантин кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Сынып жетекшілері  ата-аналарға мектепте, әр сыныпқа қатысты  ерекшелік пен жеке тұрғыны,   ескере отырып  қашықтан оқытуды  іске асырудың негізгі тәсілдері жайлы түсініктеме берді. Түрлі  интернет -платформалар, мобильдік мессенджерлер, білімдік  сайттар қашықтан оқыту жағдайында  мұғалім мен оқушыны байланыстырушы буынға айналады. Ата-аналар республикалық телеарналардан телесабақтарды трансляциялау кестесімен, ТД арқылы көрсету белгіленген  пәндердің  тізімдерімен  таныстырды .  Қашықтан оқыту жағдайындағы маңызды кезеңнің бірі - кері байланыс . Орта буындардағы жиналыстарда кері байланысты іске асыру мәселесі мен жүйеде  оқушылардың білім бағалау мәселесі жайлы айтылды. Ата-аналар төртінші тоқсандағы сабақтар,  қоңыраулар  кестесі жайлы нақты ұсыныстар алды, сынып жетекшілері  пән мұғалімдерінің байланысқа шығу ретіне ерекше назар аударды. ҚО кезінде ата-аналардың атқаратын қызметтері де маңызды, сондықтан сынып жиналыстарындағы әңгімелерге  олар да белсенді ат салысып, талқылады.
Коронавирус инфекциясы туралы ақпарат ата-аналардың назарына слайд презентациялары мен бейне  роликтер түрінде ұсынылды, аталған індеттің қауіптілігі, сақтану шараларының маңыздылығы туралы  жан-жақты айтылды. Ата-аналарға жақындарының аталған сырқатқа душар болуына жол бермеу мақс атында  сақтық және алдын алушылық шараларды  мұқият сақтау керектігі  айтылды. Ата-аналар өз кезектерінде  коронавирус инфекциясынан сақтану жолдары жайлы айтты.
Сынып жетекшілері карантин кезіндегі қауіпсіздік сақтау шараларына ерекше назар аударды,  төтенше жағдайдағы уақытша шектеу кезіндегі шаралардың барысында  барлық тәртіп талаптарды  орындау керектігін және балалардың іс -қимылдары  ерекше назарда болуы тиістігін,  карантин кезінде олардың  өмірі мен қауіпсіздігі үшін ең алдымен ата-ана ана жауапты екенін ескертті. Ата-аналар жиналыстарда - оқушылардың қаладағы қоғамдық орындарға, сауда орындарына  баруына және көшеде бейсауат және  қараусыз жүрулеріне  шектеу қою керек деген шешім қабылдады.
Жиналыс соңында ата-аналар мұғалімдермен болған сұхбатқа ризашылықтарын білдірді. Жиналыстар сенімді, жылылық атмосферасында өтті, ата-аналар ҚО жүйесін қолдайтындықтарын танытып,  қашықтан оқыту отбасы мен педагогтар  арасындағы  жемісті қарым-қатынасқа  әкеледі деген сенімділік білдірді. 
 
 
 
 5 «В» сын. сынып жетекшісі  А.Н. Щербак
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 6719


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст