«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларды оқытудағы маңызды нұсқаулық - қашықтағы ата-аналар жиналысы

02.04.2020
Білім беру ұйымының сынып жетекшісі мен ата-аналар арасындағы коронавирус  инфекциясының таралуының алдын алу мақсатындағы  өзара байланыстары   бүгінгі, пандемия кезеңінде ерекше маңызды әрі қажетті шараға айналды. 
 2020 жылдың 2 сәуірі күні  2020жылдың 2 сәуірі күні   №1ОМ  6 А  сыныбы оқушыларының ата-аналарымен онлайн режимдегі:  «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылатын болады?» деген тақырыпта  ата-аналар жиналысы өткізілді.  Сынып жетекшісі Даржанова А.О. ата-аналарға сыныптағы оқуты үдерісі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтан оқыту тәртібі   эпидемиологиялық жағдайға қарай сақталатыны  туралы айтты. Оқыту үдерісі қолда бар  ресурстарға қарай,  интернет-платформалар , Zoom,Whatsapp бағдарламалары,  Kundelik.kz.  электрондық  журналдары мен  күнделіктері арқылы  іске асырылады. Сынып жетекшісі қашықтан оқытуды іске асыру үшін ата-аналарға оқушының тәртібі мен ұйымдастырушылық деңгейін,   мотивациясын, мұғаліммен ұсынылған қашықтан оқыту жүйесіне уақтылы кіруін  күнделікті қадағалау керектігін тапсырды. Міндетті түрде оқылған материалдарды және тапсырмалардың орындалуын тексеріп отыру; кері байланыс орнату үшін мұғаліммен байланыста болу;  электрондық журнал жүйесінде жеке кабинетке кіріп логин және құпия сөз арқылы баланың қатысқан-қатыспағанын тексеру, орындалған тапсырмаларды жүктеу, (бар болса); оқудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету (арнайы орын дайындау); тапсырмаларды орындауға және  өзіндік тапсырмаларды кез  келген мессенджер арқылы мұғалімге жіберуге  көмектесу, өзіндік жұмыстарды, ауызша жұмыстарды, мәтінді тыңдауын, жаттауын, оқу нәтижесін  т.б. тексеру. Сынып жетекшісі өз кезегінде  кез келген қолжетімді ата-аналарға  қашықтан оқыту  технологияларын пайдаланып оқыту, сабақ кестесіндегі өзгерістер, білім алушылардың арасындағы кері байланыс, оқыту және оқу нәтижелері, өзіндік жұмыстар жасауға жағдай туғызу ды жеткізеді
Сынып жетекшісі жиналыс соңында  карантин кезіндегі өзіндік оқшаулану ережелері мен жеке гиги енаны  сақтау керектігін ескертті, жан-жақта болып жатқан жағдайға  сабырлы қарап, түсіністік таныту керектігін айтты. 
 
Даржанова А.О.
 
 
 
Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст