02.04.2020
2020 жылдың 2 сәуірі күні №1ОМ 7 В сынып оқушыларының ата-аналарымен: «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылатын болады?» деген тақырыпта қашықтағы бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшісі Zoom веб-платформасы арқылы ата-аналармен диалог алаңқайын ұйымдастырды. Ата-аналар жиналыс барысында қашықтан оқыту жағдайымен таныстырып, «Ел-Арна» және «Балапан» телеарналары арқыолы өткізілетін телесабақтар туралы айтты. Қосымша сабақтиар бойынша кесте слайд презентациясымен көрсетілді. Ата-аналарға оқу үдерісі барысында пайдаланылатын: web.whatsapp.com., ZOOM, Күнделік кз. Тәрізді барлық ресурстарға тіркелу туралы ақпарат берілді. Сынып жетекшісі экран мониторынан "Күнделік" бағдарламасының "үй тапсырмасы" бөлімінде, бағдар парақшасы бойынша, қалайша жұмыс жасау керектігін көрсетті, ата-аналарды төртінші тоқсандағы сабақтар, қоңыраулар кестесімен таныстырды.Коронавирус инфекциясынан сақтану шараларының маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды. Ата-аналарға жақындарының аталған сырқатқа душар болуына жол бермеу мақс атында сақтық және алдын алушылық шараларды мұқият сақтау керектігі айтылды.Карантин кезіндегі қауіпсіздікті, жеке гигиена сақтауларына ерекше назар аударды.
7 «В» сын. сынып жетекшісі Нурманова Алия Нурлановна