03.04.2020
3 сәуір күні бастауыш сыныптардың мұғалімдерімен: «мен қашықтықтан қалай оқимын?» «өзімді вирустық сырқаттардан қалай қорғаймын ?» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.
Бұл бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Оқушылар қашықтан оқуға көшу спебептерін білді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтардың, білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша ақпараттармен танысты. Әр педагог өз оқушыларына сабырлы болу, а өзіндік қабілеттері мен еңбексүйгіштіктерін таныта отырып оқуды жалғастыру керектігін айтты.
Оқушыларға өздерін вирустық сырқаттардан қалайша қорғау керектігі туралы ұсыныстар берілді; өздері сырқаттанып қалмау және айналасындағыларға жұқтырмау үшін алдын ала не істеу керектігін білді .
Оқушылардың алдағы жұмысқа деген көзқарастары жақсы. Педагогтар да оқушыларымен «кездескендеріне» қуанышты болды. Ең бастысы- оқуға деген ниет болу керек, бұндай ниет оқушыларда бар. Демек, қолымыздан бәрі келеді, бәрі дұрыс болады!
Писклова С.Н.