«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты: «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзімді вирустық сырқаттардан қалай сақтаймын?»

03.04.2020
 IV тоқсанның басталуы  алдында  №1орта мектептің  5-7 сынып оқушылары арасында  «Как я буду учиться дистанционно?», «Как защитить себя от вирусных заболеваний?» атты қашықтағы сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты:
1. Қашықтан оқыту жүйесі және білімдік үдеріске қатысушылардың жауапкершіліктері туралы түсіндіру ; өз денсаулығына басты құндылық ретінде қарау дағдысын қалыптастыру, денсаулық сақтау шараларымен таныстыру .
Қашықтан оқыту білімдік  технологиялары – оқытудың ақпараттық –коммуникациялық  технологиялар және  телекоммуникация құралдарын пайдалану  арқылы  білім алушы мен педагогтың қашықтықтан немесе  толық емес қарым-қатынаста  өткізілетін  түрі . Біздің  мектепте қашықтан оқыту: 
1)  қағаз жүзінде алдын ала дайындалып, Kundelik журналында орналастырылған  сабақ жоспары арқылы
2)   Zoom интернет-платформасындағы мұғалім мен оқушы қатысатын бейнеконференциялар арқылы жүзеге асырылады
Бұдан өзге, балалар 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша  "Ел-Арна" телеарнасында өткізілетін ТД-сабақтарды қарай алатыны айтылды. Сонымен қатар, балалар қашықтан оқыту жүйесі  шеңберінде бейне сабақтар өткізу бойынша жадынамалармен таныстырылды. 
Балалармен: « өзімді  вирустық сырқаттардан қалай сақтаймын?»  деген тақырыпта   түсіндірме жұмыстар өткізіліп, сақтық шараларына назар аударылды. Вирустық сырқаттардан сақтану ережелерімен танысты,  гигиена сақтауға назар аударылды. Өзіндік оқшаулану  жағдайында  вирустық  сырқаттан сақтану жолдары туралы түсіндірілді.  
 
Утеуова А.Б.,  7 «А» сын. сынып жетекшісі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 2226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст