03.04.2020
3 сәуір күні Zoom білімдік платформасы және WhatsApp арқылы
8-11-ші сыныптардың сынып жетекшілері:«Как я буду обучаться дистанционно. Как защитить себя от вирусных заболеваний» тақырыбы бойынша қашықтағы бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. Оның мақсаты:
1.Өз денсаулығына басты құндылық ретінде қарау дағдысын қалыптастыру, денсаулық сақтау шараларымен таныстыру.
2. 4 ші тоқсандағы қашықтан оқыту жүйесімен таныстыру. Zoom платформасында онлайн сабақтар өткізу бойынша жадынамаларды зерделеу. Күн тәртібін сақтау, уақытты дұрыс бөлу маңыздылығын оқушылардың назарына жеткізу.
3. Коронавирус инфекциясының алдын алу. Негізгі сақтық шараларымен таныстыру.
Оқушыларға қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс жасау, бағыт парақтары, кері байланыс, үй тапсырмаларын орындау бойынша , оқыту платформалары, қашықтан оқыту мен онлайн-сабақтардың айырмашылығы, ТД алдындағы сабақтар мен бірлескен жұмыстардың кестесі жайлы айтылды.
Сынып жетекшілері оқушылардың оқу кезіндегі өзіндік тәртіп сақтаулары, тапсырмаларды орындау кезіндегі мобильділігі мен жауапкершіліктеріне назар аударды.
Мұғалімдер коронавирус инфекциясының алдын алуға, негізгі сақтық шараларына назар аударды. Оқушыларға КВИалдын алу бойынша нұсқаулықтар, кеңестер берілді . Олар «Ақмола облысының аумағында карантин режимін енгізу туралы» Ақмола облысы бас санитарлық дәрігерінің 30.03.2020 жылғы№ 15 бұйрығындағы талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілікте болатыны туралы ескертілді.
Сынып сағаты қашықтан оқыту жүйесін түсіндіру және коронавирус инфекциясынан сақтану мәселелеріне бағытталды.
8 «Б» сын. сынып жетекшісі Идрисова Ж.М.