04.04.2020
«ЮНЕСКО-ның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 107 мемлекетте орта білім беретін мектептер толық жабылған. Бұл – 861 миллион оқушы білім алуын тоқтатты деген сөз,» - деді Білім және Ғылым министрі Асқар Аймағамбетов. Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде ушығып тұрған эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді.Мұғалім мен оқушы енді алшақ отырып, жұмыс жасайды.
1. Ұстаз тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қарап, бағалап, кері байланыс жасап,қайтадан оқушыға жібереді.
2. Оқушылар бейне-сабақтарға қатысып, бағалауға байланысты жүйелерді іске қоса білуі керек.
Бұның бәрі ғаламтор жақсы істесе жүзеге асар еді. Бірақ осал тұстарының басты себебі-сол ғаламтордың әлсіздігі болып тұр. Дегенмен,ұстаздар үнемі тығырықтан шығатын жол іздеп жүретін адамдар. Маршрут парағы арқылы тапсырмалар дайындап,оларды оқушыларға Күнделік кз, вацап арқылы жіберіп,кері байланыс орната алатын мүмкіндігіз бар.
«Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет,»- деген Министрдің айтқанын қолдап,расында, сапа төмендеп кетпесе екен деп уайымдаймыз.
Барлық жер шарының тұрғындары осы індеттен тез жазылып, оқушылармен бетпе-бет жүздесуге асықпыз!
№1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі-Исина Гүлназ Рысбайқызы