06.04.2020
Құрметті әріптестер, бүгін көпшілігіңіз, оның ішінде мен де бармын, алғашқы қашықтағы сабақ өткізу тәжірибесін өттік. Бұл сабақтар туралы біздің алғашқы әсерлеріміз сәйкеседі деп ойлаймын.
Менің ойымша, бұл тақырып қарапайым емес, қысқаша айтқандағ жан-жақты талдау-сараптауды қажет етеді және ол біздің қолымыздан келеді.
Осынау қиыншылық кезеңде, біздің кәсіби білігіміз бен өз ісімізге адалдығымыз орын алған сынақтан лайықты өтуге жетелетініне күмәнім жоқ. мен үшін ең бастысы, қажетті тәжірибе жинақтау.
Өзіміздің күнделікті тәжірибеміз арқылы біз бағдарламалық- аппараттық құралдарды әзірлеушілерге баға жетпес көмек көрсетеміз және біздің мамандығымыз жаңаша тыныс алады деп ойлаймын.
Балалардың сабақтарға қызыға қатысқанын көру біз үшін қуаныш.
Оқушылар қашан да түрлі жаңалықтарға үйір, қызығушылық танытады, ал біз үлкендер керісінше, жыл өткен сайын барынша консервативті бола түсудеміз. Өзімізді бір сәтке оқушыларымыздың орнына қойып көрейік. «Қайықтаңының жаны бір» дегендей, бірге үйренейік, жаңаны бірге таниық.
Саликова А.М.