Текст
Қар тазалау науқаны басталды. 22 қаңтар күні №1 жалпы білім беретін мектептің аумағынан қар шығарылды. Мектеп аумағын тазарту жұмыстары ата-аналар қауымының арқасында жүзеге асты. Ата-аналар атынан: «Мереке « ЖШС Крыжный» ЖК Крыжный Виталий Николаевич, «KAZ SERVICES LTD» ЖШС Панченко Максим Владимирович, Токарев Михаил Александрович, аудандық мәслихаттың депутаты үлкен көмек көрсетті. Мектеп әкімшілігі мектеп аумағын қардан тазалауға ат салысқан ата-аналарға үлкен алғыс білдіреді.