Ақмола облысының білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де химия пәнінен 9 «Б» сыныбында «Күкірт қышқылы және оның тұздары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: «Қарлы шайқас», Сиқырлы гүл», функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар, слайд-презентация пайдаланылды. Оқушылардың сабақтағы үлгеріміне сабақтың әртүрлі кезеңдерінде және тыныш, достық жағдайда оқу іс-әрекетінің түрлерін кезектестіру арқылы қол жеткізілді. Сабақтың құрылымдық элементтері өзара байланысты болды, бір кезеңнен екінші кезеңге логикалық ауысу орын алды, сабақтың барлық кезеңдеріне бөлінген уақыт ұтымды пайдаланылды. Білім, білік, дағдының меңгерілуін бақылау кіріспе-мотивациялық кезеңде де, негізгі операциялық-танымдық кезеңде де жүргізілді. Жалпы сабақ сәтті өтті, сабақ соңында рефлексия жүргізілді. Сабақ жоспары мен оның мақсаттары толығымен орындалды.