Текст
2024 жылғы 29 қаңтарда "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де «Өзіңмен және өзгелермен үйлесімде» тақырыбында психология апталығының салтанатты ашылуы өтті. Психология апталығын өткізудің мақсаты: білім алушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін жағдай жасау, білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға, нығайтуға жәрдемдесу. Іс-шараның жүргізушісі 10 сынып оқушысы Филимова Дарья оқушылар мен педагогтарды апта шеңберіндегі іс-шаралар жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырып, белсенді қатысуға шақырды. Психология апталығының ашылуы барысында мектептегі өзін-өзі басқару белсенділері оқушылар үшін қызықты флешмоб өткізді.