10.04.2020
Міне, жаңа форматта білім берудің алғашқы аптасы да аяқталды. 7 «А» сыныбының оқушылары өзіндік оқшаулануда отырып, қашықтықтан оқу жүйесін меңгеруде. Күнде таңертең олар сынып жетекшісімен байланысқа шығады. Бекітілген сабақ кестесі бойынша жұмыс жасайды. Әр оқушы өзінің күн тәртібін белгілеп алған және оны сақтай отырып жұмыс жасайды.
Заманауи технологиялардың дамуы арқасында білім алушылар ұялы телефон, планшет, ноутбуктерден тиісті қосымшаларды пайдалана алады.
Оқушылар өздігінен жұмыс жасауда, тапсырмаларды орындап жатыр. Пән мұғалімдері тарапынан сынып оқушыларының тапсырмаларды орындауына қатысты жайлы оң пікірлер айтылуда. Балалар жаңа форматтағы оқуға жауапкершілікпен қарауда.
Утеуова А.Б.