11.04.2020
Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы өтті бұл мектептік білім алумен байланысты адамдардың бәріне оңай болған жоқ. біріміз дәстүрлі білім беру түріне үйренгенбіз. Бірақ, карантинге байланысты қалыпты жағдайды түбегейлі өзгертуге туралы келді. Біз, ата-аналар «Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММ ата-аналары мектеп педагогикалық ұжымының кәсіби деңгейде жұмыс жасайтынына тағы да бір рет көзімізді жеткіздік.
Сабақтар алдында қашықтағы ата-аналар жиналыстары, сынып сағаттары, байқау сабақтары, жеке сауалдар өткізілді, олардың барысында оқушыларға, ата-аналарға оқыту үдерісінің жаңа түрі, үздіксіз біолім алу, қашықтағы сабақтарды ұйымдастыру барысындағы әр тараптың жауапкершілігі туралы айтылды. Интернетке шығу үшін қандай техникалық құралдарды пайдалану керектігі туралы түсіндірілді. Мобильдік құралдары жоқ жанұяларға мектептен ноутбуктер берілді.
Апта бойы мұғалімдер сабақ кестесі бойынша сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізді. Педагогтардың сабақтарын тыңдай отырып, біз білім беру саласының мықты, сенімді қолдарда екеніне тағы да бір байқадық. Жұмыстардың сан алуан түрі , материалдарды түсінікті жеткізу, сан түрлі тәрбиелік шаралар! Педагогикалық әдеп, кәсіби шеберлік, балаларға сүйіспеншілік, ата-аналарға құрмет - осының бәрі қашықтан оқыту барысында тағы да бір расталды. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері жапай білім беруді ұйымдастырды: барлық оқушылардың сабақтармен қамтылуы күнделікті қадағаланды, оларды оқумен қамту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Мұғалімдер өздерінің жеке уақыттарын аямай, ата-аналармен және оқушылармен байланысты тұрақты ұстап, орын алған проблемаларды шешіп отырды.
Ата-аналар қауымдастығы атынан Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушинаға, «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ директоры Л.Г. Бековаға,мектептің педагогикалық ұжымына қашықтан оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.
Сіздердің оқушыларға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз, үнемі көрсетіліп жатқан қамқорлықтарыңыз, аса жоғары педагогикалық шеберліктеріңіз әр ата-ана жүрегінде алғыс сезімін тудырады. Баршаңызға мықты денсаулық,
келешек шығармашылық жетістіктер тілейміз! Сіздер – нағыз ұлағатты ұстаз және ең мықты да берік командасыздар! Біз сіздерді құрметтейміз, бағалаймыз және сүйікті мектебімізде қауышатын уақытты асыға күтудеміз!
Абаева Зайнар Магомедовна, №1 ОМ ата-аналар комитетітінң төрайымы