13.04.2020
Оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарын ұйымдастыру сабақтың тиімділігін, оқушылардың белсенділігін арттырудың ең қолжетімді, әрі тексерілген тәжірибенің бірі түрі болып табылады.
Ол заманауи сабақта тіпті ерекше орын алады, өйткені оқушы тек өзіндік қызмет үдерісінің нәтижесінде ғана білім алады.
Сөйтіп, қашықтан оқу үдерісінде де оқушы материалдардың көпшілік бөлігіні өздігінен игереді. Сондықтан сабақты жоспарлаған кезде оқу тапсырмасын бір жағынан оның қызмет нысаны, яғни, оқушы өзі орындайтын, екінші жағынан өзіндік қызмет етуі: оқушының тапсырманы орындау кезінде жадысы, ойлауы,шығармашыл қиялы дамитындай, нәтижесінде бұрын өзіне белгісіз болған мүлде жаңа білім алуға, алған білім саласын кеңейтуге және тереңдетуге әкелетін жағдайды ойластырған жөн.
Математика сабақтарында мен оқу материалдарын барынша толық ашу және сабақ тақырыбын түсіну саласын тереңдету үшін әр түрлі интернет-сілтемелерді және мессенджерлерді қолдануға тырысамын .
Егер де оқушы материалды кітапты пайдаланып, қандай да бір арнайы іріктелген тапсырмалар арқылы игеретін болса, онда білімді саналы игеру міндеті шешілгені. Оқушының өздігінен алған білімі – мұғалім түсіндіргеннен кейінгі білімнен мықтырақ, барынша берік игерілген білім. Бұл арада - өзіндік жұмыс жасаудың жалпы дағдысына және келешекте өз біліміндегі олқылықтарды жоюға баулу , білімдерін кеңейту, алған білімдерін қандай да бір мәселелерді шешуде іс жүзінде шығармашылықпен қолдана білу сияқты білімдік-тәрбиелік міндеттер де жүзеге асырылады.
Математика мұғалімі Кадырбекова Г.Х.