15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Бұл атаулы дата ардагерлердің, сондай-ақ сол соғыста туыстары мен жақындарын мәңгілікке айырылған жандардың басын біріктіретін күн. Сол соғыс оқиғаларына екіұшты баға берілгенімен, Отан алдындағы
борышын өтеген интернационалист-жауынгерлер өздерінің ержүректігі, әскери ерлігі мен берік жолдастық рухы үшін тек құрмет пен мақтаныш
сезімін тудырады. Аталмыш орай № 1 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, суреттер стенді де қойылды. Көрмедегі барлық суреттер мен қолөнер бұйымдары ауған оқиғаларына, сол соғыстағы кеңес батырлары мен олардың ерліктеріне арналған. Оқушылар өздерінің
шығармашылықтары арқылы интернационалист-жауынгерлердің жанкештілігі мен ерлігін және оларды үйлерінде күтіп отырған туыстары
мен достарының қайғысы мен қасыреттерін жеткізе білді.