14.04.2020
Мектептің тәрбие жұмысына сәйкес 14 сәуір күні 7 «А» сыныпта «Виртуальная экскурсия по музеям Казахстана, достопримечательности страны» атты қашықтағы саяхат өткізілді. Zoom қосымшасы арқылы білім алушыларға Қазақстанның мұражайлары мен танымал жерлері туралы ақпараттар берілді. Оқушылар өздері білетін танымал жерлерді атады. Нұр-Сұлтан қ. архитектуралық ескерткіш, Алматы қ. Тәуелсіздік монументі туралы тереңірек айтып, Отырар қалашығының тарихи маңыздылығы , Таңбалы-Тас петроглифтері жайлы білгендерін қайталады. Осыдан кейін жеріміздің байлығы және Үлкен Алматы көлінінің сұлулығы, Рахман бұлағының емдік қаиеті, Балқаш көлі туралы аңыз жайлы ақпараттарды әңгімеледі.
Саяхаттың тәрбиелік мәні зор болып, білімалушылардың мемлекет тарихына, оқиғалар мен аңыздарға деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.
7 «А» сын.сынып жетекшісі Утеуова А.Б.